Биыл Қостанай облысының қазынашылық жүйесінің құрылғанына – отыз жыл.
Осы уақыт аралығында қазынашылық мемлекет қазынасын тиімді жұмсауды және оның сақталуын қамтамасыз ететін орган ретінде қалыптасып, ел дамуында лайықты орнын алып отыр. Бүгінде елдің қазынашылықтың ақпараттық жүйесі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді деген жоғары бағаға ие.