Астықты аймақ үшін, атап айтқанда, атбегілер қауымы үшін ақжолтай жаңалық!
«Ұлы Дала жорығы» атты екінші халықаралық марафон-бәйгеде жерлестеріміз бірінші орын иеленді. Бес жүз шақырымдық қашықтықты қамтыған аламанда «Қостанай тұқымды» тұлпар тізгіндеген шабандоздар тарихи жеңіске жетті.