Биыл соңғы қоңырау әдеттегіден ерте соғылмақ. Республика мектептерінде оқу жылы 2025 жылғы 23 мамырда аяқталады. Оқу жылын жалпы білім беретін мектептер «Білімім - Отаныма!» атты республикалық бірыңғай сынып сағатымен тәмәмдайды. Сынып сағатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық беру ұсынылып отыр. Ал, каникул қалай өтеді? Жазғы сауықтыру шараларының жоспары қандай? Қанша үйірме жұмыс істейді? Қала әкіміне баяндалды.