Ұзынкөл - экономикасы ілгерілеген, әлеуметтік саласының әлеуеті әлді аудандардың бірі. Соңғы жылдары жаңа нысандар іске қосылып, өндірісі дамып, ішкі өнім көлемі артып келеді. Инфрақұрылымды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар легі де қарқынды. Ауданның 85 жылдық мерейтойына орай Ұзынкөлде балалар алаңы пайдалануға берілді.