Биылғы түлек, ертеңгі маман. Жоғары оқу орнын аяқтағалы тұрған қостанайлық жастардың көбі қолдарына диплом тиісімен, қай жерде жұмыс істейтінін белгілеп те қойды. Болашақ жұмыс берушісілерімен де жақсылап танысып алды. Бұл, облыс орталығында ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі нәтижесінде мүмкін болды. Шараға 100-ге жуық жұмыс беруші қатысты.