«Өркендей бер-туған өлкем». Осындай атаумен Арқалық қаласының жастары патриоттық акция өткізді. Жергілікті университет пен колледж студенттері орталық саябақта жалынды сөздер жазылған плакаттар ұстап, ұрандатып, шеру жасап өтті. Сахна төрінде өңірді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау білдірген тілек-лебіздер айтылып, ән-жырдан шашу шашылды.