Баскетболдан 33-ші Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ерлер командалары арасында өткен Ұлттық лига ойындарының нәтижесі бойынша қостанайлық «Тобыл» топ жарып, маусымды үшінші орынмен қорытындылады. Қола медаль үшін тартыста жерлестеріміз алматылық «Алматы Легионы» құрамасымен кездесті.