Жангелдин ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалар елдің еңсесін көтере түскен. Жол құрылысы қарқын алып, әлеуметтік сала әлденіп келеді. Туған жерге туын тіккен іскер азаматтар да бұған үлес қосуда. Шаруасы ширақ шалғай аудан торқалы тойға да дайындық үстінде. Биыл алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы. Атқарылып жатқан жұмыстармен облыс әкімі танысты.